Балабақша туралы

«Майра» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

«Майра» бөбекжай-бақшасы Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Сәтпаев көшесі, №4 мекен жайда орналасқан. Балабақша типтік екі ғимараттан тұрады және темір бетонды қорғанмен қоршалған.  Бірінші ғимаратта әкімшілік, АКТ зал,  4 топтың ойын, жатын бөлмелері, медициналық, асхана, қойма бөлмелері орналасқан. Екінші бір этажды ғимарат екі топқа арналған. Топ бөлмелері, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері жеке-жеке қарастырылған.

Топтар стандарт талаптарына сай орындық-үстелдер, кереуеттер, балалар киімін қоятын және ойыншықтар қоюға арналған шкафтар, педагогтардың керекті құрал-жабдықтарына арналған сөрелер;

Медицина бөлмесі  қабылдау, егу, оқшаулау бөлмелерінен тұрады. Балалардың бойын өлшегіш (ростометр), вакциналарға және дәрі-дәрмектерге арналған тоңазытқыш, балалар температурасын өлшейтін термометр, балалар салмағын өлшейтін медициналық таразы, бактерецидті шам, медициналық термометрлер, медициналық шкафтармен жабдықталған.

Балабақша ауласында әрбір топқа саяжайлар бар, Көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

Балабақшада 4 топта 90 бала тәрбиеленуде.

1. Кіші топ -1 топ, 20 бала; 

2. Ортаңғы топ -1 топ, 25 бала;

3. Ересек тобы -1 топ, 25 бала;

4. Аралас тобы – 1 топ, 20 бала.

Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді.

10- педагог мамандар:

Оның ішінде –1психолог

Жоғары білімді –10

Басшы-ұйымдастырушы — 1

Зерттеуші-1

Сарапшы-2

Санатсыз –6

Курстан өткені (Өрлеу) – 5

Жаңартылған бойынша-5